Шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қалалар анықталды

Шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қалалар анықталды

Шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қалалар анықталды
ашық дереккөзі
367
Экспаттар (компаниялардың шет мемлекеттерде жұмыс істейтін қызметкерлері) үшін әлемдегі ең қымбат қалалар анықталды. Mercer компаниясы жүргізген Cost of Living Survey зерттеуінің қорытындысы бойынша 2020 жылы Гонконг, Ашхабад  және Токио шетелден келгендер үшін ең қымбат қалалар деп танылды. Сондай-ақ, Цюрих, Сингапур, Нью-Йорк, Шанхай, Берн, Женева мен Пекиндегі өмір сүру құны өзге мемлекеттерден келушілердің қалтасына айтарлықтай салмақ түсірген. Ал Тунис, Виндхук (Намибия), Ташкент және Бішкекте экспаттардың көп қаржысы шығындала қоймапты. Зерттеу жүргізу барысында сарапшылар әлемнің 209 қаласындағы тұрғын үй, көлік, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар  бағасын және ойын-сауықтың құнын есепке алған. Айта кетейік, бұған дейін мамандар әлемдегі ең қымбат қалаларды атаған. Олар – Сингапур, Гонконг және Осака. Сонымен қатар, «үздік» ондыққа Нью-Йорк, Париж, Цюрих, Тель-Авив, Лос-Анджелес, Токио мен  Женева кірген.

Серіктес жаңалықтары