382
Қарағандыдағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты
Қарағандыдағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендер туралы айтты
Дәрігерлер Қарағандыда болған атыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.
Х.Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығы дәрігерлерінің айтуынша, атыстан зардап шеккен екі адам аяғын жарақаттанған. Оларға ота жасалмақ .
"Біздің клиникаға 1989 және 1988 жылы туған екі адам түсті. Қазіргі кезде олардың жағдайы орташа ауыр", - деді дәрігер Ерік Шонбаев.
Еске салсақ, бүгін Қарағандыда белгісіз біреу екі адамға оқ атып, жарақаттап, қашып кеткен,
«Бүгін үш ер адам арасында сөзге келіспеушілік болып, арты оқ атумен аяқталған. Белгісіз біреу екі адамды оқпен жарақаттап, оқиға орнынан қашып кеткен. Задап шеккен екі адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, күдікті іздестірілуде», - делінген болатын Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағы «қару қолдану арқылы бұзақылық жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары және күдіктігі ұстау жұмыстары жалғасуда.