20330
Мамыр айында баспана бағасы қалай өзгерді
Мамыр айында баспана бағасы қалай өзгерді

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өткен мамыр айында тұрғын үй нарығында баға қалай өзгергенін мәлім етті.
«2020 жылғы мамырда оның алдыңғы аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы – 1%, абаттандырылмаған үйді алып-сату бағасы – 0,5%, жаңа тұрғын үйлерді алып-сату 0,2% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,2% қымбаттады», – делінген ақпаратта.
Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, өткен мамыр айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 1 шаршы метрі үшін 297 775 теңгені құрады. Абаттандырылған тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 208 148 теңге тұрды. Ал абаттандырылмаған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы 128 730 теңгені құрады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метрі үшін 1 577 теңге болды.