«Дипломмен ауылға»: баспана алу үшін бюджеттік несие беріледі

«Дипломмен ауылға»: баспана алу үшін бюджеттік несие беріледі

«Дипломмен ауылға»: баспана алу үшін бюджеттік несие беріледі
ашық дереккөзі
196
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов «Дипломмен ауылға» жобасы аясында жас мамандарды қолдау шаралары туралы айтып берді, –  деп жазды Қазақпарат.  Онлайн режимде халық алдында есеп беру кезінде министр: «Мамандарды ауылға тарту үшін «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда. Былтыр 4 мыңнан астам маман 1 200 ауылда жұмысын бастады. Бұл тұрғыда мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, сондай-ақ ветеринарлар мен агрономдар қамтылды», – деп атап өтті. «Дипломмен ауылға» баратын жастар үшін баспанаға бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Оның жоғары сомасы жыл сайын артып келеді. Бүгінде оның көлемі 4,1 млн теңгені құрады. Несиелеу ставкасы 15 жылға 0,01 пайызды құрады. Сонымен қатар Р. Дәленов жоба аясында көшетіндерге арнайы ақы қарастырылғанын еске салды. «Биыл баспанаға бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларымен тағы да 5 мың жас маман қамтылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жастар жылы» аясында қаржыландыру көлемі төрттен бір бөлікке артып, биыл оның сомасы 20 млрд теңгеге жетті», – деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары