KASE: доллар арзандады

KASE: доллар арзандады
Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады. Доллар құны 2,09 теңгеге түсіп, 1 доллар – 397,44 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа курсы 1 доллар – 398,06 теңге, сату бағасы – 399,67 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласында сәйкесінше 397,94 және 399,11 теңге.
Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми курсында 1 доллар – 399,67 теңге.