Соңғы бес жылда 2 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Соңғы бес жылда 2 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Соңғы бес жылда 2 мыңнан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылады
ашық дереккөзі
574
Бес жылда Қазақстанда 44 триллион теңге тұратын 2 мыңнан астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесу кезінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады. «ІЖӨ-ге инвестиция деңгейін 30%-ға дейін арттыру жөнінде мақсат қойып отырмыз (2019 жылы бұл деңгей 18,2%-ды құрады). Инвестициялар экономиканың тұрақты және сапалы өсімінің кепілі болып табылады», – деді министр. Министрдің айтуынша экономиканың басым салаларында стратегиялық инвестициялар үшін жасалатын жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар инвестициялар тарту үшін АХҚО-ның мүмкіндігін кеңінен қолдану жоспарлануда. «Инвестициялық жобалардың 5 жылғы пулы жасақталды. Пул 44 трлн теңге болатын 2 мыңнан астам инвестициялық жобадан тұрады», – деп атап өтті Дәленов. Ол министрліктің негізгі капиталға инвестициялардың мақсатты көрсеткішінің шегі бойынша ай сайын мониторинг жасап отырғанын айтты. «Инвестиция тарту жөніндегі Үйлестіру кеңесінде проблемалық мәселелерді жедел шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдармен белсенді жұмыстар жалғасуда», – деді Дәленов. Бұрын хабарлағандай, 2019 жылғы қортынды бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемі 8,5%-ға артты. 2020 жылғы төрт айдың есебі бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция өсімі нақты сипатта 0,9%-ды құрады.  

Серіктес жаңалықтары