334
Экспрес-тестілеуден кімдер өтуге міндетті — Бас санитар қаулысы
Экспрес-тестілеуден кімдер өтуге міндетті — Бас санитар қаулысы
Бас санитардың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес, елімізде міндетті экспрес-тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді.
COVID-19-ға экспрес-тестілеуге жататын адамдар (анамнезінде осы жылдың ақпан айынан бастап суық тию ауруымен ауырып сауыққан адамдар):
- теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер;
- COVID 19 таралуының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);
- карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері;
- медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер, сондай-ақ шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттер;
Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, экспрес-тестілеуден үшін пациенттер сәйкестендіру деректерін, тіркеу жүйесінде денсаулық жағдайына шағымдарды көрсетіле отырып, ЭДСРО АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді немесе медицина қызметкері өз бетінше ЭДСРО АЖ-ға енгізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға шетелден келген азаматтар 2 тәулік бойы карантиндік стационарда оқшауланып, тексерілетінін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ, бас санитардың жаңа қаулысына сай елімізде мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен өзге де кеңселердің жұмыс тәртібі бекітілді.