323
Макгрегор спорттық мансабымен қоштасатынын мәлімдеді
Макгрегор спорттық мансабымен қоштасатынын мәлімдеді
Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор мансабын аяқтамақ. Бұл туралы спортшы өзінің Twitter-аккаунтында жазды.
«Сәлем, достар! Мен жекпе-жектен кету туралы шешім қабылдадым. Баршаңызға ерекше естеліктер үшін алғыс айтамын!», — деп жазды ол.
Жазбасымен бірге Макгрегор Лас-Вегастағы жекпе-жектерінің бірінен соң анасы Маргаретпен түскен суретін қоса жариялады. «Өз арманыңдағы үйді таңда! Мен сені қатты жақсы көремін! Қалағаныңның бәрі – сенікі!», — депті спортшы анасына.
Айта кетейік, Конор Макгрегор бұған дейін бірнеше рет – 2016 және 2019 жылдары спорттық мансабын аяқтайтынын жариялаған. Алайда сөзінен тайып, жекпе-жек алаңына қайта оралды.
Соңғы рет ирландиялық спортшы биылғы жылдың қаңтар айында америкалық Дональд Серронемен жекпе-жек өткізді. Конор Макгрегор өзінің қарсыласын 40 секундта нокаутқа жібергені көптің есінде.