АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерді басуға әскерилер тартыла ма – Трамп жауап берді

АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерді басуға әскерилер тартыла ма – Трамп жауап берді

АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерді басуға әскерилер тартыла ма – Трамп жауап берді
ашық дереккөзі
321
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі тәртіпсіздіктерді басу үшін әскери күштердің көмегіне жүгіну мүмкіндігін жоққа шығарды.   Бұл туралы ол Newsmax TV телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Gazeta.ru. Ақ үй басшысы әскерилерді тарту мәселесі жағдайға байланысты қаралатынын атап өтті. "Бұндай қадамға баруға тура келеді деп ойламаймын", – деді АҚШ Президенті. Еске сала кетейік, 25 мамырда АҚШ-тың Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындаған болатын.  Тұтқындау кезінде полицей ер адамды тізесімен қылқындырған. Оқиға орнынан жарияланған кадрлардан марқұмның көмек сұрап, оны тұншықтыруды доғаруын өтінгенін аңғаруға болады. Ер адам дем ала алмай жатқанын айтып, шағымданған. Алайда, полиция қызметкері оған мән бермеген. Ақырында Джорж Флойд жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Осы оқиғадан кейін жағдай ушығып, Миннеаполисте жаппай тәртіпсіздіктер болды. Наразылық акциясы АҚШ-тың отыздан астам қаласында жалғасын тапты. Джордж Флойдты мойынын тізесімен қылқындырған Миннеаполистің бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовинге екінші дәрежедегі кісі өлтіру әрекеті бойынша айып тағылды. Ұстау кезінде оның жанында болған тағы үш полиция қызметкері адам өлтіруге көмектесу және оған арандату бойынша айыпталуда. Әуелде Шовинге үшінші дәрежедегі, яғни байқаусызда кісі өлтіру әрекеті бойынша айып тағылған еді. Екінші дәрежедегі кісі өлтіру Америка заңнамаларында өзгелермен келісілмеген, бірақ қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиянын тигізу, адам өміріне деген немқұрайлық  әрекеті болып есептеледі. Бастапқыда Флойдтың өліміне қатысты өзге полицейлерге айып тағылмаған болатын. Олар тек жұмыстан шығарылған еді. Алайда Флойдтың жақындары оларды да жауапқа тартуды талап етті. Енді Флойдтың ісі бойынша 4 адамға айып тағылып отыр.Рейтер агенттігінің хабарлауынша, штаттың Бас прокуроры үш полицейді тұтқындауға ордер берген.

Серіктес жаңалықтары