661
Мемлекет басшысы ҰҚК алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
Мемлекет басшысы ҰҚК алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы өткізген жиынға Ұлттық қауіпсіздік комитеті орталық аппаратының және аймақтық бөлімшелерінің басқарушы құрамы қатысты.
Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған ҰҚК органдары қызметкерлерін еске алуға арналған стелаға гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі Тәуелсіздік алған сәттен бергі комитеттің даму тарихын қамтитын экспозицияны көрді.
Отырыс барысында Қазақстан Президенті ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады.
Жиын соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нақты тапсырма берді.