Еліміздің үш өңірінде шектеу шаралары қайта күшейтіледі

Еліміздің үш өңірінде шектеу шаралары қайта күшейтіледі

Еліміздің үш өңірінде шектеу шаралары қайта күшейтіледі
ашық дереккөзі
272
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Бірқатар өңірдің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды күшейту тапсырылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. «Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», - деді Е. Тоғжанов. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.  

Серіктес жаңалықтары