277
Өндіріс пен туризмді дамытуды тапсырды
Өндіріс пен туризмді дамытуды тапсырды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады, – деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентіне Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баяндалды.
Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономикасын әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты.
Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту, туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру және коронавирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.