Италияның Alitalia әуе компаниясы Нью-Йоркке ұша бастады

Италияның Alitalia әуе компаниясы Нью-Йоркке ұша бастады

Италияның Alitalia әуе компаниясы Нью-Йоркке ұша бастады
ашық дереккөзі
259
Италияның Alitalia әуе компаниясы халықаралық рейстерін қайта жандандырды.  Компания ұшақтары Нью-Йоркке ұша бастады. Alitalia үшінші тоқсанда өзінің рейстерін пандемияға дейінгі көрсеткіштің 40 процентіне дейін жеткізбек.  Алайда пандемия салдарынан қиындыққа тап болған компанияның болашағына қатысты күдік көп. Үкімет дағдарысты еңсеру үшін 3 миллиард еуро бөлді, алайда ұзақ уақыт тұралап қалған бірлестік жұмысын жандандыру оңайға соқпауы мүмкін. Оның үстіне Еуроодақ Италия үкіметінің бірнеше жыл бұрын әуе компаниясына қаржылай көмегін тексеруге кіріскен. Айта кетейік, бұған дейін Еурокомиссия Еуроодақ экономикасы биыл 7,7 пайызға төмендейтінін мәлімдеген. Жуырда Еурокомиссия Еуроодақ экономикасын қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 750 миллиард еуро бөлу көзделген. Бөлінетін қаржының 40 пайыздан  астамы коронавирус пандемиясынан ең ауыр зардабын тартқан елдерге бағытталмақ. Атап айтқанда, Италия 173 миллиард еуро, ал Испания 140 миллиар еуро алуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары