3 Маусым, 10:35 315 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Алматыда 21 жедел жәрдем қызметкері коронавирус жұқтырған

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, «Жедел жәрдем» КМК диспетчерлік бөлімінде 17 дәрігер мен 155 диспетчер қызмет етеді.

«Профилактикалық шара барысында диспетчерлік бөлімнің 17 қызметкерінде, 4 дәрігерде COVID-19 тіркелген. Қазір олардың барлығы емделіп жатыр. Барлығының ауруы жеңіл өтуде. Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде 27 жақын байланыста болған адам анықталды», – деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Алматы қалалық Жедел жәрдем қызметі қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаменті эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар