3 Маусым, 09:59 678 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Мектеп оқушыларын заңсыз жұмысқа салғандар жауапқа тартылды

Ақтөбеде мектеп оқушылары дәмханада даяшы, көлік жуу орында тазалықшы болып жұмыс істеп жүр.

ҚазАқпараттың жазуынша, «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн күрес» республикалық шарасы аясында облыстық полиция департаментінің «Жасөспірім» жедел алдын алу акциясы басталды.

Ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарында, ойын-сауық орындарында рейд жүргізді. Бірінші күні қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне барлығы 74 жасөспірім жеткізілді. Оны екеуі бейімдеу орталығына орналастырылды.

«150-ден астам кәсіпкерлік объектісі тексерілді. Оның ішінде құрылыс, техникалық қызмет орталығы, көлік жуу, дәмхана, базар бар. Нәтижесінде бала еңбегін пайдаланудың 3 фактісі анықталды. Кәмелет жасына толмаған 19 бала және 15 қолайсыз отбасы арнайы тіркеуге алынды. Ақтөбе қаласында орналасқан көлік жуу орнында кәмелетке толмаған үш жасөспірім анықталды. Оның бірі - 9-сынып, екеуі -11-сынып оқушысы. Хромтау қаласында Ақжар орта мектебінің оқушысы даяшы болып жұмыс істеп жүр. Заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылды. Жеке кәсіпкеріге де ескерту берілді», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Анықталған фактілер бойынша еңбек инспекциясына өтініш жолданған.

Соңғы жаңалықтар