Дүкендердегі қаймақ құрамынан антибиотиктер табылды

Дүкендердегі қаймақ құрамынан антибиотиктер табылды

Дүкендердегі қаймақ құрамынан антибиотиктер табылды
ашық дереккөзі
Ресейлік өндірушілер өндірген кейбір қаймақ түрлерінің құрамынан антибиотиктер, ашықты және өсімдік майлары табылды. Бұл туралы "Роскачество" жүргізген тексеру барысында белгілі болды, деп хабарлайды Life.ru. Ұйым сайтында жарияланған хабарламаға сүйенсек, зерттеуге  майлылығы жиырма пайызды құрайтын 7 өнім қатысқан: : "Благода", "Вологодское лето", "Пестравка", "Домик в деревне", "Ростагроэкспорт", "36 копеек" и "Простоквашино". "Благода"  компаниясы өнімінің құрамын тексеру барысында өсімдік майлары, антибиотиктер және ашықты анықталған. Мамандардың айтуынша, мұндай өнімді қаймақ деп атауға болмайды. Тексеру нәтижесінде өндірушінің рейтінгі құлдырады. "Домик в деревне" өндірген қаймақтың құрамынан да антибиотик іздері табылды. Заң тұрғысынан бұған рұқсат берілгенімен,  мұндай қоспалар "Роскачество" талаптарына сай келмейді. Тексеруге алынған өзге маркалардың өнімі мамандардың көңілінен шыққан.  Әсіресе, "Простоквашино"  және "Ростагроэкспорт" компанияларының  қаймағы сапалы деп танылды.