281
Президент: Ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз
Президент: Ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз
Коронавирус пандемиясы әлем құндылықтарын айтарлықтай өзгертті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.
«Коронавирус індеті жұмыс тәртібімізге елеулі өзгеріс енгізді. Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Бірақ, індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Бұл індет - өте қауіпті. Батпандап кіреді, мысқалдап шығады. Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті»,- деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті.
«Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да бірлігіміздің бекем екендігін көрсеттік. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенемін», - деді Президент.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр.