«Әлем қазақтарымен сұхбат» жобасы қолға алынды

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар» қоры бірлесіп, шетелдегі қандастарымыздың сұрауы бойынша «Әлем қазақтарымен сұхбат» бағдарламаны қолға алды. Оның негізгі мақсаты – шетелдегі қазақтардың тыныс-тіршілігімен таныстыру.

Бағдарлама аясында қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген беделді қандастарымыз Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Instagram парақшасында және You Tube каналанда тікелей эфир арқылы сұхбат береді.

Бағдарламаның жүргізушісі – Сырымбек Төлеуұлы.

Осы уақытқа дейін «Ақ ниет» өнер орталығының art-директоры, ресейлік қандасымыз Светлана Альбикова, «Омбы» қазақтары ұйымының төрағасының орынбасары Торғын Ашенова, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі, Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасының бірінші орынбасары, «Қазақ елі» журналының баспагері Шабан Серкан Динчтүрк, «Tau group of companies» Басшысы Сырымбек Тауұлымен сұқбат ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, «Қандастар көші неге саябырсып қалды?» деген тақырыпта мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев сұхбат берді.

Алдағы сұхбат 22 мамырда ұйымдастырылады. Кештің қонағы – Түркияның Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, Алаш қозғалысының қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірі мен мұрасын зерттеген ғалым Әбдуақап Қара.

Сонымен қатар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитет көші-қон процестерінің мониторингі басқармасының басшысы Дастан Айтқұлов өзекті сұрақтарға жауап береді деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button