COVID-19: Арменияда бір тәулікте 138 науқас тіркелді

COVID-19: Арменияда бір тәулікте 138 науқас тіркелді

COVID-19: Арменияда бір тәулікте 138 науқас тіркелді
ашық дереккөзі
283
Өткен тәулікте Арменияда коронавирус  жұқтырудың 138 жаңа дерегі тіркеліп, індетке шалдыққандардың жалпы саны 3313-ке жетті.  Бұл туралы  елдің денсаулық сақтау министрлігінің аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі ұлттық орталығының сайтында хабарланды, деп жазады РИА Новости. Министрліктің мәліметінше, елде індет құрбандарының саны – 45. Вирус жұқтырғандардың 1325-і емделіп шыққан. Қазіргі таңда 1928 адам ем қабылдауда.  Жалпы, елде 31 590 тест жүргізілген. Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4,1 млн адамнан асып жығылды. Індеттен 280 мыңнан астам адам көз жұмды.  Ал аурудан жазылып шыққан науқастар саны – 1 439 842. Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың Ухань қаласында ұзақ уақыттан бері алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін хабарлағанбыз.  

Серіктес жаңалықтары