Абай облысында үш айда 2611 заңсыз граффити жазуы жойылды

/
Абай облысында үш айда 2611 заңсыз граффити жазуы жойылды
polisia.kz

Абай облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елді мекендердің көркін сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үш ай ішінде өңір аумағында 2611 заңсыз граффити жазуы жойылды. Оның 657-сі есірткі заттарын жарнамалайтын жазбалар болған.

Заңсыз граффитилерді жою жұмыстары қоғамдық орындардың тазалығы мен көркін сақтауға ғана емес, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға да бағытталған. Әсіресе есірткі жарнамасының таралуына жол бермеу, жастарды зиянды әдеттерден қорғау және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері басты назарда.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осы кезеңде азаматтармен 2555 кездесу өткізіліп, 2570 ақпараттық жадынама таратылды.

Кездесулер барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткіге қарсы күрес және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Абай облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ержан Ақбаевтың айтуынша, мұндай жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін полиция мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайту маңызды.

– Біздің мақсатымыз – тек заңсыз жазбаларды өшіру емес, ең алдымен тұрғындар үшін қауіпсіз, таза әрі жайлы орта қалыптастыру. Граффити жазуларының арасында есірткі жарнамаларының болуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Сондықтан профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, тұрғындармен түсіндіру кездесулерін тұрақты өткізіп келеміз. Қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азаматтың белсенді ұстанымы құқық бұзушылықтардың алдын алуға елеулі үлес қосады, – деді Ержан Ақбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар