254
Уханьда ұзақ уақыттан бері алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді
Уханьда ұзақ уақыттан бері алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді
Қытайдың Ухань қаласында ұзақ уақыттан бері алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы Хубэй провинциясының Денсаулық сақтау істері жөніндегі комитеті хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Комитеттің мәліметіне сүйенсек, науқас ауыр халде жатыр.
Өткен тәулікте Хубэй провинциясында коронавирусты еш белгілерсіз тасымалдаудың 17 жағдайы анықталды. Бүгінде провинция бойынша осындай 616 науқас дәрігерлердің бақылауына алынған.
Эпидемия басталғалы Хубэйде 68 129 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 50 334-і Уханьда тіркелген. Науқастардың 63 616-сы емделіп шықты. Аймақта індеттен 4512 адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, Қытайдың Ухань қаласы коронавирус инфекциясының ошағы болды. 2019 жылдың 31 желтоқсанында ел билігі ДДСҰ-ға пневмонияның жаңа түрі тарала бастағанын хабарлады. 11 наурызда ұйым коронавирусты пандемия деп жариялады.
Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4,1 млн адамнан асты. Індеттен жаһан бойынша 280 мыңнан астам адам көз жұмды. Ал аурудан жазылып шыққан науқастар саны – 1 439 842.
Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға келсек, Қазақстанда 5036 адамнан коронавирус анықталды. 1766 адам аурудан айықты. 31 науқас көз жұмды.