«Қазатомөнеркәсіп» АҚ лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды

/
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды

2026 жылғы 23 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар