Қарағанды облысында автобус және арнайы техника шығаратын зауыт ашылады

Қарағанды облысында автобус және арнайы техника шығаратын зауыт ашылады

Қарағанды облысында автобус және арнайы техника шығаратын зауыт ашылады
ашық дереккөзі
217
Қарағанды облысына жұмыс сапарымен Премьер-Министр Асқар Мамин келді. «Сарыарқа» ЕЭА-на барған кезде Үкімет басшысына Yutong маркалы автобустар мен арнайы техника шығаратын жаңа зауыттың жобасы таныстырылды, – деп жазды ҚазАқпарат. Кәсіпорын Саранда, бұрынғы РТБ зауытының аумағында ашылады. Премьер-Министрдің қатысуымен әкімдік пен инвестициялық консорциум арасында жаңа зауыт құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Биылғы жылы алғашқы автобус шығару жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін бірінші кезеңді іске асыру аяқталады. Бұдан әрі жоба жалғасын табады. Жаңа кәсіпорынға жұмылдырылған тікелей және тартылған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 23 миллиард теңгені құрайды. Жоба қолда бар РТИ ғимараттарын қайта жаңартуды, сондай-ақ жаңа өндірістік объектілерді салуды көздейді. Сондай-ақ жоғары технологиялық дәнекерлеу және сырлау жабдықтарын сатып алу жоспарланған. Жоба аясында 1 100 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Зауыттың жылдық жобалық қуаты – 1 200 автобус және 500 арнайы техника шығару. Өнім ел ішінде сатылатын болады, сондай-ақ жақын шетелдерге экспортталуы мүмкін. Қарағандылық ЖОО-лар автомобиль жасау үшін кадрлар даярлайтын болады деп болжануда. Университеттерде бейіндік білім беру бағдарламалары іске қосылады. Кәсіпорынды құру Қарағанды облысы әкімдігінің, «БРК-Лизинг» АҚ және «Сарыарқа» ӘКК» АҚ қатысуымен және қолдауымен жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары