Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысына қатысты. Мемлекет басшысы Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде жоғары палата қоғамдағы өзекті әрі елді алаңдатқан мәселелерді көтеретінін атап өтті. «Бүкіл еліміздің алдында тұрған міндеттерді орындау үшін ең алдымен билік тармақтары арасындағы үйлесім қажет. Маңызды реформаларды жүзеге асыруда Парламенттің, әсіресе, Сенаттың рөлі де, құзыреті де ерекше. Сенаттың ең басты міндеті – сапалы заңдарды қабылдау. Мұндай заңдар реформаларға жол ашады, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді», – деді Президент.