Мақтааралда коронавирус жұқтырған науқас жоқ

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны барша жұртты алаңдатып отыр. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды.
Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Олар азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді.
Көршілес Жетісай ауданы COVID-19 инфекциясының облыстағы бірден бір ошағы болып табылатындықтан, көпшілігін қазіргі таңда осы сауал алаңдатып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жетісай ауданындағы инфекциялық ауруханада облыс бойынша 32 науқас ем алып жатыр, Мақтаарал ауданының ауруханаларында бірде-бір науқас жоқ.
Дәрігерлер қазіргі таңда эвакуацияланған халықты індеттен сақтау бойынша барлық шараны қолға алды. Халыққа антисептик, бетперде, қолғап тегін таратылып, әр азаматтың дене қызуы тепловизормен тексерілуде.

Back to top button