299
Қызылорда облысында соңғы тіркелген 7 науқастың алтауы – медицина қызметкері
Қызылорда облысында соңғы тіркелген 7 науқастың алтауы – медицина қызметкері
Бүгін Қызылорда облысында 7 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың алтауы – медицина маманы.
Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Олардың арасында 1-уі дәрігер, 2-уі көлік жүргізушісі, 1-уі техникалық қызметкер және 2 медбике бар. Аталған азаматтар инфекцияны скринингтік тексеруден өткізу барысында жұқтырған», - деді басқарма басшысы.
Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 177 адам тіркелді.
Ал елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2693-ке жетті.
Науқастардың 677-сі емделіп шықты. 25 адам көз жұмды.