Көліктік бақылау инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Көліктік бақылау инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Көліктік бақылау инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында көліктік бақылау инспекторларына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп жазды ҚазАқпарат. Оқиға 15 сәуірде болған. Алайда қылмысқа қатысы бар адамдар ізін суытып кеткен. Бүгін блокпосттағы оқиға бойынша Көкшетау қаласының полиция департаменті жүргізген іздестіру шаралары барысында аталған оқиғаға қатысы бар 5 күдікті азамат ұсталған. Оларға тиесілі «КамАЗ» айыппұл тұрағына қойылған. «Ұсталған адамдарға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, олар ҚР ҚК 389-бабының 3-бөлігі бойынша 3 мың АЕК (8,3 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл арқалауы немесе түзету жұмыстарына, 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу/айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін», – деп хабарлайды ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметінен. Ал көліктік бақылау органдары тасымалдаушыға қатысты әкімшілік іс қозғап, 277 800 теңге көлемінде айыппұл салған. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 14 сәуірінде «Көкшетау-Қостанай» айналма автожолында көліктік бақылау инспекциясының мамандары жылжымалы көліктік бақылау бекетінде кезекшілік атқару кезінде Ресейде тіркелген E006TB72 м/н «Камаз 53205» маркалы шетелдік автокөлік құралы (57kea03 м/н тіркемесі) тоқтатылған болатын. Ал ертеңінде 2020 жылдың 15 сәуірінде сағат 14:15-те бекет мамандарына мемлекеттік тіркеу нөмірсіз үш жеңіл автокөлікпен (Lexus 470 қара түсті, Toyota Land Cruiser 200 шие түсті және Lada Largus ақ түсті) келген 5-6 адам шабуыл жасаған.