Қанат Айтбаев: Димаш елордада шығармашылықпен айналысып жатыр

Қанат Айтбаев: Димаш елордада шығармашылықпен айналысып жатыр

Қанат Айтбаев: Димаш елордада шығармашылықпен айналысып жатыр
ашық дереккөзі
758
– Димаштың әлеумет­тік же­ліде ата-әжесімен бірге түс­кен суре­тін көр­ген жұрт оны каран­тин жағ­­дайын­­да Ақтөбе қа­ла­сында деп топ­шылап жа­тыр. Ди­маш қазір қай қалада? – Қазір біз барлығымыз от­­­ба­сы­­мыз­бен, ата-анамызбен елор­да­ға қоныс ау­дардық. Димаш үлкен шы­­ғармашылық із­деніс үстін­де жүр. Өзінің шы­ғарма­шы­лық бөл­ме­­сінде күн­­діз-түні форте­пиа­но­да оты­­рып, тың­дар­мандарын жаңа ән­дерімен қуанту мақ­са­тында жұ­мыс істеп жатыр. Сонымен қатар, шығар­ма­шы­­лық үл­кен же­тістікке жет­кен тұл­ғалардың өмір жол­да­рын, өнер жол­дарын саралап, со­ларға ар­нал­ған фильмдерді, әр­түрлі бас­пасөз бет­­теріндегі мақалаларды оқып, екеуі­міз тал­­қылаған сәттеріміз көп. Ди­маш кеше ғана Джеймс Кэ­меронның әр­бір түсірген фи­льм­дерін, жеткен же­тіс­тік­­те­рін, ой-тол­ғамдарын үлкен қы­зығу­шы­лықпен әңгі­ме­леп берді. Ұлым «Ерек­ше, біртума талант­тардың ой-толғамдары мен пайымы терең бо­лады екен. Үлкен дүниелерді жа­сау үшін адамның ойы да сон­дай терең болу керек екен ғой» деп сүй­сінуін жасырмай, ағынан жа­­ры­лып айтып берді. – Карантин жағдайы Ди­маш­тың шығармашы­лы­ғы­на қалай әсер етіп жатыр? – Карантин жағдайында үйден шық­пай отырға­ны­мыз­бен, инте­р­нет желісі әлем бойын­ша кеңістік­ті кеңейтіп тұр ғой. Қа­зақ­стан, Қы­тай, Аме­­­­рикадағы бір­неше ком­­по­зиторлар өздерінің әндерін жі­­б­ерген. Димаш сол шығар­ма­­лар­ды тыңдап, әріп­тес­тері­мен он­лайн бағытта жұмыс­та­рын жал­ғас­тыру­да. Димаштың өзі де әдемі бір-екі ән жазып жа­тыр. Осы сізбен сұх­бат­та­сардың алдында ғана екеуміз сол әндерді тал­қыла­дық. Ойы да, жа­зылу құрылымы да ма­ған ұна­ды. Әндерін тыңдап, өзім соған қуа­нып тұр­ған жайым бар. Кейінгі 4 жылдың ішінде әр­түр­лі бай­қауларға, концерттерге дайындықпен бір қа­ладан екінші қалаға, бір елден екінші елге, тіпті бір континенттен келесі конти­нент­­ке ұшуға көп уақыт жұмсаған Ди­маш­тың карантин жағдайында жаңа әндерді қа­рап талқылауға, ойын жинақтауға уа­қыты көбірек болып тұр. Карантиннің ал­ғашқы екі аптасында алаңсыз демалып, шар­­шаған ағзасын тынықтырды. Өйткені әрбір жеке концерт өт­кізу – үлкен қобалжу, ты­нымсыз ең­бек, зор жауапкершілік, үнемі дайын­­дық. Оркестрдің, band-топ­тар­дың сүйе­мелдеуімен сахнаға шығу сенімділікті, тия­нақты­лық­ты талап етеді. Әрбір кон­цертке ап­талап, айлап, күні-түні дайын­да­­ла­ды. Осындай кезеңдердің бар­­­лығы да адам­ға оңай соқпасы анық. Димаш каран­тин жағ­дайын­да біраз қарбалас тірліктен ты­ны­ғып, шығармашылық ізденіске уа­­қытын арнап жатыр. – Пандемия салдарынан Ди­маш­тың қай елдегі кон­церт­тері кейінге шегерілді? – 2017 жылы елорда төрінде бас­талған Bastau атты концертіміз бі­раз жерде жал­ға­сын тапты. Атап өт­сек, 2018 жылы Қытай­дың 4 қа­ла­сында және Лондонда үлкен кон­церттер ұйымдастырылды. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қа­ла­сында «Астана арена» стадионын­да «Қазақстан» ұлт­тық арнасымен бір­­лесе отырып «Арнау» атты кон­­­­­церт өткізген болатынбыз. Осы бағ­дарлама аясында жос­пар­ланған кон­церттер Киев, Мәскеу, Санкт-Петербор, Ека­теринбург, Крас­нодар, Қазан, Рига қала­ла­рын­да өтті. Сонымен қатар биыл Минск, Штутгарт, Дюссельдорф, Пра­га қалаларында концерт өт­кізу жоспарланған болатын. Еу­ро­палық турлардың 6-7 концертін жа­сап үлгердік. Қалғандары ка­ран­тин шарала­ры­ның енгізілуіне бай­ланысты денсаулықты сақтау, өз­ге де адамдардың өміріне қауіп төн­дірмеу мақсатында ұйым­дас­тырушы­лар­мен ақылдаса отырып тоқтатылды. Әлем­ді шарпыған ін­дет адамдардың өмі­ріне, жаса­ған жоспарларына көптеген өзге­рістер енгізді. Бірақ өмір мұнымен тоқ­тап қалмайды. Бұйырса, індет ба­сылғаннан кейін жұмыстың бар­лығы әрі қарай жал­ғасын та­бады. Жоспарланып қойған ел­дер­де, одан бөлек тағы да басқа жер­лер­де кон­­­­церттер өткізу ойда бар. Бұл концерт­тер­­­дің негізгі мақса-ты – біздің қазақ елінің өне­рін, мә­дениетін басқа елдерге наси­хат­тай отырып, тыңдармандарды бі­рік­тіру. Тың­дармандарды музы­ка­ның аясында бір-біріне табыстыру, достастыру. Бір қуанарлығы, қазір көпте­ген елде Ди­маштың өнеріне құш­тарлық танытатын фан-клубтар құрыл­ған. Фан-клубтардың бар­лығы өзара байланыста. Интернет же­­лісі арқылы зер сала қарасақ, әр­қай­сы­сы­ның өзінің команда­лары, қауымдастықтары бар еке­нін көруге болады. Фан-клуб мү­ше­лерінің бір-біріне қонаққа ба­рып, бай­ла­ныс жасап жататын кез­дерін сырттан кө­ріп, сүйсініп отыратын кездеріміз аз емес. Сонымен қатар Тынық мұ­хи­ты, Шығыс Азия аймағындағы, Ла­тын Америкасындағы ел­дерден бірнеше концертке шақырып, ұсы­­ныстар түскен-ді. Індетке бай­ла­нысты ол жоспарымызға да өз­геріс­тер енгізілді. Бі­рақ алдағы уа­қытта олардың барлығы жү­зеге аса­тын болар деген ойдамыз. – Әншілер карантин жағ­дайын­да онлайн концерт­тер ұйым­дас­ты­рып жатыр. Сіз­дерде мұндай жос­­пар бар ма? – Онлайн концерт жасау үшін бі­раз дайын­­дық керек. Біздің сүйе­мел жасайтын ан­самбльдің мү­ше­лері Испанияда, Гер­ма­ния­да, Мәс­кеуде тұрады. Тіпті, Кубадан кел­­ген жігіттер болды. Олар карантин жағ­­дайы­ның енгізілуіне байла­ныс­ты өз ел­де­ріне кетті. Сондық­тан ансамбль мү­ше­ле­рі­нің бәрінің басын біріктіру, онлайн ре­жимде тоғыстыра қою оңай шаруа емес. Айтып өткенімдей, Димаш ка­ран­тин жағ­дайында біраз демалыс мүм­кіндігін ал­сын, шығармашы­лық­қа уақыт бөліп, ойын тынық­тыр­сын деп жағдай жасағанбыз. Бі­­рақ оның қарымына еуропалық турдағы кон­церттердің бірін эфир­­ге шығарамыз де­ген жоспа­ры­мыз бар. Үлкен шығарма­шы­лық із­деніспен Киевте өткен концертті түгелдей түсірген болатынбыз, қазір шығар­ма­шылық студиядағы жі­гіттер осы кон­церттің телеви­зия­лық нұсқасын дайындау үстін­де. Карантин кезінде тыңдарман­да­рына жақсы сыйлық болсын деп отырмыз. Жақын күндері концерт Димаштың ресми YouTube кана­лы­на жүктеледі және өзі әлеу­мет­тік желі арқылы концерттің жүк­тел­гені жө­нінде хабарлайтын бо­лады. ­– Еліміздің өңірлеріне ба­рып кон­церт қою жос­пар­ларыңызда бар ма? – Біз 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жыл­­ды­ғына орай Қазақ­стан­ның қалаларын ара­лап, «Ұмытыл­мас күн» деген атаумен 25 кон­церт өт­кізген болатынбыз. Осы орайда бү­­кіл облыс орталықтарында, елі­міздің ірі қа­лаларында, сосын көр­шілес Уфа мен Қа­зан қалала­рын­да концерт бердік. 2017 және 2019 жылдары елордамызда ау­қым­ды екі концерт өтті. Қазір халықаралық ба­ғыт­та жос­пар­лан­ған біраз ел­дерде өткі­зе­тін кон­церт­тер бар. Оны дайындау, ке­лісу жұмыстары біраз уа­қыт алады. Сондықтан жоспар­лан­ған шаруа­ларымыздың бә­рін тиянақтағаннан кейін Қа­зақстанда да концерт өткізу­дің кезегі келер деп ойлаймын. Алматыдағы кон­цертті жос­парлаймыз дегенде мын­а­дай жағ­дай болды. Алда­ғыны уақыт көрсетер, мұ­ның барлығы да бола­шақтың еншісін­дегі шаруа. – Димаштың бұ­қаралық ақ­па­рат құ­рал­­­да­рын­­да жиі кө­­рін­беуі, сұхбат бер­меуі бел­­­­­­­гілі бір уа­қыт ара­лы­ғы­на ғана қойыл­ған шектеу ме? – Димаш сахнада жүретін әнші, жасы 25-ке енді келді. Өзі ха­лық менің әндерімді тың­даса, сахнадағы өнерімді білсе деген мә­селені бірінші орынға қояды. Ал қазір ай­тары көп адамға ұқсап, басылым бетте­рі­не қай­та-қайта шыға бергенім жөн емес-ау деп есеп­тейді. Біз де Димаштың тың­дар­ман­дары ең алдымен сах­на­дағы әншілік өне­ріне көз тіксе деп ойлаймыз. – Жалпы, отба­сы­­ла­рыңыз­­­­­бен ка­ран­тин жағ­дайын қалай өткізіп жа­тыр­­сыздар? – Үйде айналысатын шаруа көп болып тұр. Мына жағдай ойың­ды толықтыру, бі­лі­мің­ді тия­нақтауға біраз мүмкіндік беріп тұр. Кейде осындай қиын сәттер­ден де жақ­сылықты іздеп табуға бо­лады. Жақын күн­дері от­ба­сы­мызбен Рүстем Әбдірашевтің «Ал­мас қылыш» фильмін қайтадан кө­ріп шық­тық. Қысқа ғана уақыт­та жақсы дүние тү­сірілгенін көріп, көңіліміз толып, от­ба­сымызбен риза болып, біраз серпіліп қал­дық. Романовтар әулетінің тарихы жөнін­де­гі телевизиялық сериал­дарды көріп шық­тық. Рим импе­риясының құрылуы, ша­рықтау шегін бейнелейтін көптеген де­рек­ті фильмдерді қарадық. Ақын Бауыржан Ба­бажанұлының өлең­дер жинағын оқып шықтым. В.Гюгоның «Собор Парижской Бо­­­гоматери», К.Маккалоудың «Пою­щие в тер­новнике» кітапта­рын бұрын оқыған бол­сам да, қазіргі көзқарасыммен қайтадан оқып шығуға мүмкіндік алдым. Сол секілді өзі­міздің қазақтілді басылымдар арасынан «Ай­қын», «Қазақ үні», сіздердің басылым Turkistan газеттерінен эко­номи­ка­лық, саяси тақырыптағы тұшым­ды дүниелерді іздеп оқимын. Сөзі оралымды, ойы көңілге қо­ным­ды жандардың пікірлерін қарап, ой толғауға толық мүмкіндік болып тұр. Осы күндері үйдегі балалар­дың онлайн са­бақтарына сырттан көз тастап, мұға­лім­дер мен ба­ла­лардың арасындағы қарым-қа­тынастарын қарап сүйсініп жүр­мін. Біздің Рау­шанымыз Назарбаев Зияткерлік мек­тебінде оқиды. Мен олардың сабақтарына қа­рап әбден тәнті болып отырмын. Ұстаз­­бен оқушы арасындағы ты­ғыз қарым-қа­ты­нас, достық ниет­ті көріп қуанып жүрген жайым бар. Өйткені бізде осыған дейін ба­­лалардың сабағына қатысатын мүм­кіндік жоқ еді. Ал онлайн са­бақ бізге сондай мүм­кіндікті беріп отыр. Карантин жағдайы өмір­дің басқа қырларына да көңіл ау­дару­ға мүм­кіндік беріп отыр. – Әңгімеңізге рақмет!  

Сұхбаттасқан

Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары