«Жүрек тұсынан пышақ сұқты»: Екібастұзда қыз жігітін көшеде өлтіріп кетті

/
«Жүрек тұсынан пышақ сұқты»: Екібастұзда қыз жігітін көшеде өлтіріп кетті
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Екібастұзда болған кісі өлтіру туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 28 қазанда «Асет» дүкенінің маңында орын алған. Жанжал кезінде қыз өз азаматтық некедегі күйеуін жүрек тұсынан пышақтап жіберген. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

«Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтау көзделіп отыр. Күдікті анықталып, ұсталып, Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Полиция өкілдері тергеу әрекеттері заңнама талаптарына толық сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары