Астанада 15-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды

/
Астанада 15-қабаттан секірмек болған қыз құтқарылды
видеодан скриншот

Астаналық бойжеткен 15-қабаттың парапетіне шығып кеткен. Оқиға Иманбаев көшесіндегі «Алмалы» тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар көрші пәтер арқылы қызбен сөйлесіп, оны қайғылы қадамға бармауға көндірген. Сонымен қатар басқа құтқарушылар тобы автотбасқыш (саты) арқылы жоғары көтеріліп, операцияның қауіпсіз өтуін қамтамасыз еткен.

«1999 жылы туған қыз парапеттен түсіріліп, қауіпсіз жерге жеткізілді», – деп хабарлады ТЖМ.

Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары