«Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі»

Әлеуметтік желіде қалың көпшілікке «Қандай кітап оқып жатырсыз?» деген сауал тасталып, белгілі ақын-жазушылар, журналистер, мәдениет қайрат­керлері мен басқа да азаматтар өздері оқып жатқан кітап­тары жайлы жарыса жазып, жап-жақсы үрдіс бас­тады. Жазушылар одағының басшысы, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет жолдаған эстафетаны Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жал­ғас­ты­рып, қараша халыққа қандай кітап, газет-журнал оқып жатқанын жария етті. Президент оқуға кеңес бер­ген басылымдар ішінде Turkistan халықаралық га­зеті де бар.

«Қазіргідей елең-алаң уақытта баршаңыздың күнделікті тіршіліктеріңіз өз­ге­ріс­ке ұшырағаны белгілі. Пандемиядан қорғанудың бірден-бір жолы – әлеуметтік оқ­­шаулану, яғни үйде болу екенін жаһан жұртшылығы мойындап отыр. Әрине, бұл – уақытша құбылыс, өтпелі кезең. Дегенмен осы уақытты барынша тиімді пайдалану – әрбір адамның өз қолында. Сондықтан осы карантин күндері ақын-жазушылар, жур­налистер, мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтарымыз әлеуметтік желіде «Қандай кітап оқып жатырсыз?» челлендж-эстафетасын ұйымдастырған екен. Бұл бастаманы толық қолдаймын және осындай игі істі қолға алған отан­дастарыма шынайы ризашылығымды білдіремін.

Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы ресми парақшасында. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазір өзі оқып жатқан шығармалар мен басылымдар жайлы айтып, бірнеше кітапты оқуға кеңес берді.

Президент қазір оқып жатқан шығармалар мен басылымдар:

  • Жүсіп Баласағұн. Құтты билік,
  • Абай Құнанбаев. Хикмет кітәбі. Книга мудрости. Book of wisdom,
  • Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance,
  • Тұрсын Жұртбай. Құнанбай,
  • Ерлан Сыдыков. Кунанбай,
  • Адам Туз. Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир,
  • Алек Росс. Индустрии будущего. The Industries of the future,
  • Кевин Келли. Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее,
  • Parag Khanna. The Future is Asian,
  • «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», Turkistan және т.б. газеттер, «Жұлдыз» журналы.

«Осы мүмкіндікті пайдаланып, бұл эстафетаны барша отан­дас­тарыма, әсіресе, жастарға жолдаймын және төмендегі әдебиеттерді оқу­ға кеңес беремін», – деді Мемлекет басшысы.

Президент ұсынған кітаптар:

  • Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері,
  • Әбу Насыр Әл-Фарабидің философиялық трактаттары,
  • Мұхтар Әуезов «Абай жолы»,
  • Әбіш Кекілбаев. «Үркер» және т.б шығармалары,
  • Ілияс Есенберлиннің шығармалары,
  • Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы,
  • Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармалары,
  • Қабдеш Жұмаділов «Дарабоз», «Тағдыр»,
  • Мұхтар Мағауин «Аласапыран»,
  • Дулат Исабеков «Қарғын»,
  • Ілияс Жансүгіров өлеңдері,
  • Әкім Тарази шығармалары,
  • Роза Мұқанованың пьесалары,
  • Смағұл Елубай. «Ақбоз үй» және тағы басқа шығармалары,
  • Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері

notes 1587199291

Әлемдік әдебиет:

  • Федор Достоевскийдің шығармалары,
  • Лев Толстойдың шығармалары,
  • Антон Чеховтың әңгімелері, повестері, пьесалары,
  • Иван Буниннің шығармалары
  • Эрих Мария Ремарктың «На западном фронте без перемен»

Публицистика, ғылыми-танымдық әдебиет:

  • Никколо Макиавелли. «Государь»,
  • Алексис де Токвиль. «Демократия в Америке»,
  • Жан Монне.»Реальность и политика»,
  • Ли Куан Ю «Из третьего мира – в первый. История Сингапура (1965-2000)»,
  • Наом Хомский. «Создавая будущее»,
  • Мэтью Барроуз «Будущее: Рессекречено. Каким будет мир в 2030 году»,

Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аударыл­ған шығармалар:

  • Энтони Кенни. «Батыс философиясының жаңа тарихы»,
  • Клаус Шваб. «Төртінші индустриялық революция»,
  • Джон Гэмбл, Маргарет Питереф, Артур Томпсон. «Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу»,
  • Росс Данн, Лора Митчелл. «Panorama: Дүние жүзі тарихы».

 

Back to top button