Жәрдемақы берілгенде отбасымызбен қуандық

Рыскүл ДӘУЛЕТ, көп балалы ана, Алматы қаласы:

– Өзім алты баланың анасымын. Жұмыс істемеймін, бала күтімімен үйде отырамын. Өз үйіміз болмағандықтан, айына 35 мың теңгеге пәтер жалдап тұрамыз. Осы айда пәтерақыны төлей алмай қалдық. Үй қожайыны карантин жағдайында бізді қинамады, түсіністік танытты. Оған да шүкір дейміз.

Осындай қиын-қыстау кезеңде «Біргеміз» қоры атынан отбасымызға бір реттік 50 мың теңге жәрдемақы берілді. Бұған отбасымызбен қатты қуандық. Бұл қаржыға қажетті деген азық-түліктерді сатып алдым. Мұқтаж жандарды ұмыт қалдырмаған жандарға рақмет айтамын, алғысым шексіз. Осындай көмек көрсеткеніне ризамын.

Back to top button