Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
Қазгидрометтің болжамынша, бүгін, 15 сәуір күні атмосфералық ауа ағынының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Сондай-ақ, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр, солтүстікте жаңбыр мен қар күйіндегі жауын-шашын жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде тұман, желдің күшейіп, шаңды дауыл соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерінде екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпе жел соғады. Түркістан, Қызылорда, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде жел 15 м/с күшейеді.