281
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 25-ке жетті
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 25-ке жетті
Соңғы ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды.
Қауіпті індет Арыс қаласы Наурыз ауылындағы 2015 жылы туған баладан анықталды. Ол вирусты анасынан жұқтырған. Ал анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында пойызбен келген әйелмен жақын байланыста болған.
Ал 1984 жылы туған Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг жасау барысында анықталған.
Бүгінде науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдап жатыр.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Жетісай ауданында - 13, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы -1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.