363
Ресейде коронавирустан 8 адам көз жұмды
Ресейде коронавирустан 8 адам көз жұмды
Ресейде коронавирусқа шалдыққан 8 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.
Соңғы тәулікте 4 науқастың көз жұмғаны белгілі болды: 2 адам Мәскеуде, 1 адам Орынбор облысында және 1 адам Санкт-Петербургте қайтыс болды.
Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1534-ке жетті. ІНдет елдің 65 өңіріне тараған. Кеселден 64 адам айықты.
Айта кетейік, Қазақстанда 271 адам коронавирусқа шалдықты.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 166 адам, Алматы қаласында - 67 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам індет жұқтырды.
Ал әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 671 мыңнан асты.Олардың 31 мыңға жуығы көз жұмды.