Астанада салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық перинаталдық орталығы" мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ер бала, салмағы-6140,0гр, бойы-64см. Босану оперативті жолмен, қазіргі таңға жағдайы бірқалыпты, қанағаттанарлық, отадан кейінгі кезеңге сәйкес, ем жоспар бойынша жүргізілуде.
"Біздің қалалық перинаталдық орталықта 2026 жылдың 9 ай ішінде 4000гр салмақтан асқан - 854 нәресте, ал 10 ай ішінде 929 нәресте , соның ішінде 10 айда 5000 г салмақтан асқан – 11нәресте дүниеге келді.
Ал 2025 жылы ірі салмақпен 1150 нәресте , соның ішінде 5000 г салмақтан асқан – 20 нәресте дүниеге келді.Ірі ұрық – ана мен нәресте үшін акушерлік қауіп факторларының бірі. Ол босану жарақаттарының, босанудан кейінгі қан кетудің, операциялық босандыру қажеттілігінің және неонаталдық асқынулардың ықтималдығын арттыруы мүмкін", - делінген хабарламада.