29 Наурыз, 12:10 535 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Әлемде коронавирустан 31 мыңға жуық адам көз жұмды

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Әлем бойынша 671424 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. 

Індетке шалдыққандар қатары соңғы тәулік ішінде 74205 адамға көбейген. Коронавирус дертінен көз жұмғандар саны 30956-ға жетті. Бір тәулік ішінде аталған індеттен қайтыс болғандар қатары 3621 адамға өсті.

Ал дерттен сауығып кеткендер саны - 145586. Соңғы тәулікте әлемде 10868 адам емделіп шыққан.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам кеселге шалдыққан. 

 

Соңғы жаңалықтар