Nur Otan: партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңестердің жұмысы күшеймек

Nur Otan: партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңестердің жұмысы күшеймек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы күшейеді, – деп жазды «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің инстаграм-парақшасында.
Жазбада бұл іс-шара партияның қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан келіп түскен өтініштерді жіті бақылау мақсатында жасалып жатқаны айтылған.
⠀
Бауыржан Қыдырғалиұлы бұл тұста азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалар туралы сөз болып отырғанын жазған.
⠀
«Nur Otan» сонымен қатар дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді.