23 Наурыз, 17:54 3218 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

6 сәуірден бастап қазақстандық оқушылар қашықтан білім алады

2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. 

"Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы барлық ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе үкіметтің құзіретінде. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз. "Еларна" мен "Балапан" телеарналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі. Алайда, бұл негізгі емес, қосымша шара. Аталған видео сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар "Балапан" телеарнасында қазақ тілінде, "Еларнада" орыс тілінде көрсетіледі", - деді министр.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша елімізде 62 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 32 адам, Алматы қаласында – 26, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 62 науқас бар.

Соңғы жаңалықтар