Дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлінеді – Мемлекет басшысы

Дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлінеді – Мемлекет басшысы

Дағдарысқа қарсы шараларға 10 млрд доллар бөлінеді – Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі
374
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін қанша қаржы бөлінетінін айтты.  "Салық преференциялары мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда, дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы 4,4 триллион теңгені немесе 10 миллиард долларды құрайды. Осы қаражатты дұрыс игерген соң, біз дағдарысқа қарсы күресте жеңіске жететініміз сөзсіз", – деді Тоқаев. Оның айтуынша, дағдарыс мемлекеттік аппарат пен отандық бизнестің қозғаушы күші болады. "Осыдан алатын сабақтарды ескеруіміз керек. Сонымен қатар, жедел шаралардан басқа, жағдай тұрақтанғаннан кейін де жүйелі іс-шалар қабылдау керек. Шын мәнінде, біз мүлдем жаңа жаһандық әлемнің табалдырығында тұрмыз. Онда Қазақстан өзінің лайықты орнын табуы тиіс", – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Президент жағдайдың күрделілігіне қарамастан, еліміздің апатты жағдайдан алыс екенін баса айтты. "Бізде барлық мүмкіндіктер мен резервтер бар. Бастысы, біз қолайсыз сценарийге дайындықты уақытында қолға алып, не істеу керектігін дұрыс түсіндік", – деді Тоқаев. Президент сондай-ақ елдегі төтенше жағдай кезінде оқшаулау шараларын қатаңдатуды тапсырған еді. Президенттің төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.  

Серіктес жаңалықтары