Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленеді – Президент

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленеді – Президент

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленеді – Президент
ашық дереккөзі
352
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай кезінде жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қалай төленетінін айтты.  Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай кезінде 500 мыңға жуық азамат қаржылық қиындыққа душар болуы мүмкін. «Сол себепті, төтенше жағдай кезеңінде уақытша табысынан айырылған адамдарға шамамен 1 айлық жалақы (42 500 теңге) көлемінде ай сайын төлеуді тапсырамын. Жалпы алғанда, бұл көмекті кемінде 1,5 миллион отандасымыз ала алады. Қажет болса, бізде мөлшерді ұлғайту, қолдау түріне қол жеткізу және кеңейту үшін барлық резервтер жеткілікті», – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары