Нұр-Сұлтан әуежайында шетелден оралған қазақстандық көз жұмды

Нұр-Сұлтан әуежайында шетелден оралған қазақстандық көз жұмды

Нұр-Сұлтан әуежайында шетелден оралған қазақстандық көз жұмды
ашық дереккөзі
262

Елорда әуежайында Въетнамнан оралған қазақстандық туристердің бірі қайтыс болды. Ер адамның өліміне жүрек ауруы себеп болған.

Қазақстан азаматы елге кеше кешкі уақытта өзге туристермен бірге Мәскеу арқылы оралған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ер адам төлқұжаттық бақылаудан өтіп жатқан кезде, оның жүрегі ұстап қалған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, азамат талма ауруы кезіндегідей қатты дірілдеп кеткен.

"Ер адамның жағдайы кенеттен нашарлап кетті. Ол тура талма ауруы кезіндегі сияқты қатты дірілдеп кетті. Оған алғашқы көмек көрсетуге тырысқанымен, ол жүріп кеттт" , - деді куәгерлердің бірі.

Қазақстандықтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты елордалық денсаулық сақтау басқармасы растады.

Дәрігерлердің айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына хабарды ала берген бойда сегіз минуттан кейін келіп жеткен. Алайда, ер адам олар келгенше көз жұмған. Сот-медициналық сарапшылар қайғылы жағдайдың орын алуына нақты не себеп болғанын анықтауы тиіс. Оларға марқұмның денесі жеткізілді.

Ер адаммен бірге ұшып келген жолаушылар одан коронавирус белгілері мүлдем байқалмағанын алға тартты.

Марқұм ұшып келген әуекомпания өкілдері қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. "Скат" қызметкерлері ұшу барысында қазақстандық өзін жақсы сезінгенін және ешбір бортсерікке ауырып тұрғанын айтып жүгінбегенін мәлімдеді. Оған қоса, азамат жалғыз ұшып келмегені белгілі болды.

 

Серіктес жаңалықтары