Ресей Италияға көмек жіберу үшін 9 ұшақ әзірледі

Ресей Италияға көмек жіберу үшін 9 ұшақ әзірледі

Ресей Италияға көмек жіберу үшін 9 ұшақ әзірледі
ашық дереккөзі
805
Ресейдің Әуе-ғарыш күштері Италиядағы коронавирус індетімен күрес жұмыстарына көмектесу үшін тоғыз Ил-76 ұшағын әзірледі. Бұл әуе кемелерімен медициналық жабдықтар және ресейлік вирусологтар мен өзге де мамандар жеткізілмек. Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады.  — Чкаловский әскери әуежайында Ресей Әуе-ғарыш күштерінің тоғыз Ил-76 ұшағы дайын тұр. Ұшақтар өткен түні арнайы дайындалған экипаждарымен бірге елдің өзге облыстарынан жеткізілді, — делінген хабарламада. Соңғы дерек бойынша Италияда 53 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Науқастардың 4,8 мыңы көз жұмды. Елдегі коронавирустан қайтыс болғандар саны жөнінен Италия Қытайдың алдына шықты.   Айта кетейік, бұған дейін Түркияда коронавирус жұқтырғандар cаны 947-ге жеткенін хабарлағанбыз. Елде індеттен 21 адам көз жұмды. Сондай-ақ, Германияда коронавирус жұқтырғандар қатары бір аптада үш есе артқаны жайлы жаздық. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, кеселге шалдыққандар саны 20 мыңға жуықтаған.  Індет жұқтыру деректерінің басым бөлігі Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағында тіркеліп отыр. Одан кейін Баден-Вюртемберг пен Баварияда. Дерттен тек 120 адам емделіп шыққан. Ал Қазақстанда індет жұқтырған 57 адам тіркелді.    

Серіктес жаңалықтары