27 Ақпан, 14:13 396 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Коронавирус Данияға да жетті

Дания билігі елде коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгенін растады, деп хабарлайды Reuters.  

Дертке Италиядан оралған ер адам шалдыққан. Қазіргі таңда ол өз үйінде оқшауландырылды.

Еуропа елдері арасында коронавирусты жұқтыру дерегі бойынша Италия көш бастап тұр. Елде 100-ден астам медицина қызметкері вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен карантинге жатқызылған.

Айта кетейік, бұған дейін Францияда Францияда коронавирус жұқтырғандардың қатары артқаны жөнінде хабарлағанбыз. Елде пневмонияның жаңа түрінен екінші адам көз жұмғаны расталды.

Аурудың таралуын шектеу үшін қауіпсіздік шараларын күшейте бастады. Елдің Денсаулық сақтау министрлігі стартегиялық қоймаларды ашып, 15 млн масканы медициналық қызметкерлерге тарату туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар