27 Ақпан, 11:21 251 0 Көлік Анар ЛЕПЕСОВА

«Astana LRT» компаниясы атауын өзгертті

Бас қаламыздағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС ребрендинг жүргізіп, өз атауын өзгертті. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан көрме-конференцияда компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.

«Бастапқыда елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді Б. Игенбердинов.

 

Соңғы жаңалықтар