16 Ақпан 2020, 09:03 576 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азиядағы қазіргі жағдай» тақырыбындағы пікірталасқа қатысты. 

ҚазАқпараттың хабарлауынша, халықаралық қатынастар кеңесінің президенті Ричард Хаас жетекшілік еткен пікірталасқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғани қатысты.

Пікірталаста Қ.Тоқаев географиялық орналасудың маңызы туралы сөз қозғады.

«Қазақстан жер көлемі бойынша 9-орындағы мемлекет. Бұл, әлбетте, бізге көптеген мүмкіндік пен жол ашады. Ресей, Қытаймен көршілес болудың да артықшылықтары бар. Ортақ шекара тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстан – Орталық Азияда маңызға ие мемлекеттердің бірі. Орталық Азия да күннен күнге дамып жатыр. Менің ойымша, бұл ілгерілеу әлі жалғасын табады», - деді Мемлекет басшысы.

Ричард Хаастың энергия көздері туралы сауалына ҚР Президенті: «Мемлекетіміз түрлі энергия көздеріне ие. Бұл да бір артықшылық. Экономиканың дамуы үшін жаңа жобалар мен бағдарламалардың қажет екенін түсінеміз», - деді Қ.Тоқаев.

 

Соңғы жаңалықтар