12 Ақпан, 20:41 338 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Биыл қолжетімді баспана көлемі үш есе артады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Биыл жалпы 500 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланған – бұл шамамен 8 мың пәтер. Ал 2021 жылы 8,5 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр, – деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Тұрғын үй мәселесі – басты, маңызды бағыттардың бірі. Қазір тұрғын үй кезегінде 48 мың адам тұр. Былтыр кезекте тұрған 2900 азамат пәтер алды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді баспана көлемі үш есе артады. Мемлекеттің қолдауының арқасында үй құрылысы комбинатының жұмысы қайта жанданды. Кәсіпорынның қызметі үй сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің құнын азайтуға және үйді тұрғызу мерзімін қысқартуға көмектеседі», – деді Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр.

«Былтыр ескі 8 үйдің тұрғындары қоныс аударды. 90-нан астам отбасы жаңа пәтерлерге көшті. Мұнай базаларына жақын жерде орналасқан 39 разъездің тұрғындарын көшіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлерге қатысты барлық атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі негізде іске асады», – деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар