Назым Қызайбай Әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына шықты

/
Назым Қызайбай Әлем кубогі кезеңінің жартылай финалына шықты
olympic.kz

Гуйянда (Қытай) өтіп жатқан бокстан Әлем кубогі кезеңінің төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай ширек финалдық кезеңнен сәтті өтті. Қазақстандық боксшы польшалық Виктория Рогалинскиді 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің кем дегенде қола жүлдесіне қол жеткізеді.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жеңіске жетті. Отандасымыз венесуэлалық Ирисмар Кардосоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Ал Санатәлі Төлтаев (65 келіге дейін) жарысты аяқтады. Қазақстандық боксшы өз жекпе-жегінде Англия өкілі Патрис Мугалзайға есе жіберді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар