«Оқуға түсіремін»: Астанада алаяқ 111 адамды алдап, 70 млн теңге алған

/
«Оқуға түсіремін»: Астанада алаяқ 111 адамды алдап, 70 млн теңге алған
istockphoto.com

Сотталушы азаматтарды білім беру саласында байланыстары бар екеніне және оқуға түсу мен грант алу мәселелерін кепілді түрде шешуге мүмкіндігі бар екеніне сендіріп, алдаған. Оның уәделеріне сенген жәбірленушілер оған қомақты ақша қаражатын берген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шын мәнінде қандай да бір қызмет көрсетілмеген, ал алынған ақша қаражатын қаскөй иемденіп, өз қалауынша жұмсаған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 111 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы залал шамамен 70 миллион теңгені құрады. Бұл ретте жәбірленушілердің басым бөлігіне келтірілген залал өтелмеген.

Кінәсін мойындағанына қарамастан, сот сотталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі 2026 жылғы 12 мамырда заңды күшіне енді.

Прокуратура еске салады: оқу орындарына түсу және білім беру гранттарын алу тек заңды негіздерде жүзеге асырылады. Мұндай мәселелерді ақшалай сыйақы үшін шешіп беруге уәде ететін тұлғаларға сенбеңіздер. Осындай фактілерге тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар