10 Ақпан, 19:31 1721 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Жамбыл облысының жаңа әкімі – Бердібек Сапарбаев

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды

Мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», – делінген ресми жарлықта.

Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Асқар Исабекұлы Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау үшін премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысы Қордай ауданында орын алған оқиғаның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылған болатын.

Бердібек Сапарбаев басқарған Үкімет комиссиясы 8 ақпаннан бері аталмыш аймақта болған жанжалдың себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар